Қазатомөнеркәсіптің ашық есебі: әлеуметтік инвестициялар және жаңа даму кезеңі

Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2025 жылдың алғашқы алты айындағы жұмысы талқыланып, компанияның әлеуметтік және стратегиялық бағыттары бойынша маңызды ақпараттар жарияланды. Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов өз баяндамасында әлемде атом энергетикасына деген сұраныстың тұрақты өсуі жағдайында компанияның дамуы мен негізгі басымдықтарын атап өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Есеп барысында ең көп назар аударылған тақырыптардың бірі — Қазатомөнеркәсіптің әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы жұмыстары болды. Соңғы екі жыл ішінде компания өз қызметі жүріп жатқан өңірлердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға айтарлықтай үлес қосқан. 2024 жыл және 2025 жылдың тоғыз айы ішінде әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға 4,5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған.

1e829b6d b902 4ace b859 258cb1eb926f

Бұл қаражат ауылдық инфрақұрылымды жақсартудан бастап, төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетуге дейінгі көптеген маңызды бағыттарға жұмсалды. Мәселен, Түркістан мен Қызылорда облыстарында әлеуметтік нысандар салынып, балалар мен спорт алаңдары пайдалануға берілді. Көшелер абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылымды дамытуға салынған инвестиция көлемі 700 млн теңгеден асып отыр.

2024 жылдың көктемінде Батыс өңірін жайлаған жойқын су тасқыны кезінде компанияның шұғыл әрекеті ерекше атап өтілді. Қазатомөнеркәсіп апат салдарын жою үшін 3 млрд теңге көлемінде көмек беріп, бұл қаражат халыққа тікелей қолдау көрсету мен қираған нысандарды қалпына келтіруге бағытталды.

Бұған қоса, 2024-2025 жылдары қайырымдылық жобаларына 800 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаражат аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсетуге жұмсалды. Азық-түлік себеттері, көмір, киім-кешек, мектеп құралдары таратылып, балаларды емдеуге қаржылай көмек көрсетілген. Сондай-ақ мектептер интерактивті тақталар, LED-экрандар және білім беру басылымдарына жазылымдармен қамтамасыз етілді.

cffa9a95 c589 44e3 a8d9 1eda139f4ff0

Қоғамдық кеңес отырысы компанияның тек өндірістік салада ғана емес, әлеуметтік жауапкершілік бағытында да ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарып келе жатқанын көрсетті. Қазатомөнеркәсіптің өңірлердің дамуына қосып отырған үлесі жыл сайын артып келеді, ал болашаққа арналған жоспарлар — еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуды жалғастыруға бағытталған.

Қоғамдық кеңестегі ашық талқылау компания жұмысының айқын, жауапты және қоғам мүддесіне бағытталғандығын тағы бір мәрте дәлелдеді.