Жаңалықтар

Көктайғақ, кей жерде боран – 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет мекемесінің синоптиктері 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Астана: күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, төменгі боран соғып, көктайғақ болады. Жел түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м Ауа температурасы түнде –7…–9°C, күндіз –1…+1°C. Алматы: көшпелі…

Президент келер аптада үкімет жиынын өткізеді

10 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ақорда. Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

UAE SWAT Challenge: Қазақстанның арнайы жасақтары Дубайдағы турнирде үздіктер қатарында

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады. 48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында тұр, деп хабарлайды Tizgin.kz.  Kazakhstan C командасы турнир…

Оқушысы балта ала жүгірген мектептің директоры қызметінен босатылды

Атырау облысы Құлсары қаласында мектеп оқушысының басқа балаларға балта ала жүгірген видеосы желіде бұған дейін көп талқыланған еді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аталған мектептің директоры қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп жазады Tizgin.kz. Осы әрекетке барған 10-сынып оқушысы қамауға алынған. Бүгін министр…

ЕАЭО елдері интернеттегі пираттыққа қарсы ортақ ереже бекітеді

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі интернеттегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында ЕАЭО елдерімен бірлескен жаңа келісім жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Құжат цифрлық ортада фильмдер, музыка, кітаптар мен өзге де авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы ортақ тетіктерді енгізуді көздейді, деп…

Ұлттық ұлан жауынгерлері өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялады

5-ші ақпанда сағат 20:30 шамасында Алатау қаласының Заречный шағынауданында, №20 көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz. ҚАЛАЙ БОЛДЫ Осы уақытта Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – аға лейтенант Ербол Арыстанов, сержант Бауыржан Жайдарин…

Үй алу үшін зейнетақы қорындағы ақшасын шешіп алатындар азайды

Қаражат алу көлемінің күрт азаюына «Отбасы банкі» енгізген шектеулер мен желтоқсан айындағы асығыстық әсер етті, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. РЕСМИ ДЕРЕКТЕ НЕ ДЕЛІНГЕН Бұл мәлімет мұның алдында DATA HUB Telegram-арнасында жарияланған болатын. Ал БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2026 жылдың…

Жүлде қоры – 25 млн теңге: Қазақстанда AI-таланттардың байқауы өтеді

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда ұлттық alem.ai battle байқауына өтінім қабылдау басталды, деп жазады Tizgin.kz. Бұл – Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі AI-таланттарды қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымды бастама. Байқаудың финалдық кезеңі Астанада орналасқан alem.ai халықаралық  жасанды интеллект орталығында өтеді. Өтінімдер…

Жауын-шашын, көктайғақ, кей жерде боран – 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 6 ақпан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Астанада күн бұлтты, қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C болып, біртіндеп төмендейді. Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр…

Балиде қамалған Гүлсезім Алтайбековаға үкім шықты

Балиде қамауға алынған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекованың ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz. Сот шешімі шыққаны жөнінде жәбірленуші деп танылған ресейлік блогер Карина Фадееваның өзі хабарлады. Оның сөзінше, Гүлсезім Алтайбекова жәбірленушіге өтемақы төлейді, сонымен бірге ол 4 апта…