Ерекше

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 40-тан аса қылмыскерді өз елдері қабылдамай қойды

Қазақстан түрмелерінде қазір 22 елдің азаматы жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Депутат Абзал Құспанның ресми сауалына берген жауабында Үкімет басшысы Олжас Бектенов қазір ҚАЖ мекемелерінде Қазақстан Республикасы сотталған адамдарды беру туралы келісім жасасқан 22 елден (Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан,…

Берденов «сені аттырған Сыздықбеков деп айт деді» – сотталушы Жиенбай

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атты деп айыпталған Ернар Жиенбайдың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиенбай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға оқталғаны үшін айыпталып жатқан сот отырысы бүгін басталды. Ол…

Трамп Ресей мұнайын сатып алушыларға қарсы жаңа тарифтер енгізуге дайын

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің энергетикалық ресурстарын сатып алуды жалғастырып жатқан елдерге қосымша тарифтер енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Аталған елдердің ішінде Қытай да бар. АҚШ басшысының айтуынша, Үндістаннан келетін экспортқа салынатын баж салығы…

Бақытжан Төреғожина түрмедегі Марат Жыланбаевты ауруханаға жатқызуды талап етті

«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина түрмедегі оппозиция белсендісі, марафоншы Марат Жыланбаевты ауруханаға жатқызуды талап етті, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап. Құқық қорғаушының сөзінше, Марат Жыланбаевтың аштық ұстап жатқанына 6 тамызда 66 күн болған. Ол белсендінің денсаулығы…

Берденов сотқа келмеді – Шымкентте атышулы сот басталды

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Сот отырысы ашық түрде, қазақ тілінде өтіп жатыр. Отырыс басталар алдында залға екі мемлекеттік айыптаушы, айыпталушының жұбайы, қала әкімінің…

ШҚО-да 6 жасар бала қолшатырмен «ұшамын» деп, терезеден секірген

Аталған оқиға шілде айының соңында Алтай қаласында болған, деп хабарлайды Tizgin.kz. Оқиға шамамен таңертең сағат 10:00 шамасында Космонавтов көшесінде болған. Алты жастағы бала екінші қабаттың терезесінен қолшатырмен секіріп, «ұша аламын ба?» деп тексергісі келген. Полицияның мәліметінше, оқиға болған кезінде үйде баланың…

Қазақстанда өз-өзіне қол салуға бейім 500-ге жуық азамат армиядан босатылды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биылғы әскерге шақырылғандар арасынан суицидке бейімді 470 адам анықталған, деп хабарлайды Tizgin.kz. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ Информбюро мәліметінше, психикалық ауытқуы бар жастарды анықтауға үкімет тапсырмасы бойынша әскери психологтар әзірлеген Psy-риск әдістемесі көмектескен. Аталған азаматтардың бір бөлігі әскери қызметтен босатылса, енді…

Қайтарылған активтер ақшасына Қызылорда өңірінде 7 млрд теңгеге медицина мекемелері салынады

Қызылорда облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы…

«Бастыққа ақша жинады»: экс-менеджер VS Отбасы банк. Кімдікі дұрыс

Отбасы банктің бұрынғы менеджері Максим Илешев бүгін әлеуметтік желіге шығып, «жемқорлықты әшкереленім үшін қызметтен босатты» деп мәлімдеген. Осыдан кейін Tizgin.kz тілшісі Отбасы банкке хабарласып, екі жақты да тыңдап көрді. ШУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ Әлеуметтік желіде «Отбасы банк» АҚ орталық кеңсесінің бұрынғы…

Шалғай ауылдарға интернет қашан жетеді

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун интернетке қол жеткізуі қиын елдімекендер бойынша атқарылар жұмыс барысы туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz. ҚАНША АУЫЛДА ИНТЕРНЕТ БАР Вице-министрдің сөзінше, республикада 6 мың…